> ## Knowledge Base Index
> Fetch the complete knowledge base index at: https://guide.kaskyr.com/sitemap.xml
> Use this file to discover available pages before exploring further.
> Pure-Markdown content can be obtained by appending a '.md' suffix to the content URLs listed in the sitemap (without the trailing slash).

# Бірнеше қала үшін демпингті қалай баптау керек?

1. «**Товары**» бөліміне өтіңіз → «[**Демпинг**](https://app.kaskyr.com/products?context=damping)» қойындысын ашыңыз.
* бетінің жоғарғы жағында барлық тауарлар тізіміне арналған қаланы таңдауға болады.
* белгілі бір тауарды басқан кезде, демпинг баптаулары терезесінде тек сол тауар үшін қаланы өзгертуге болады.

2. Қажетті тауарды таңдаңыз және демпингті келесі нұсқалардың бірімен баптаңыз:
* әр қала үшін бөлек — қаланы таңдап, оған сәйкес баптауларды орнатыңыз.
* жалпы баптау — «**дополнительные настройки**» бөлімін ашып, «**применить для всех городов**» жалаушасын қойыңыз.

---

| 💡 Кеңес:

1. Алдымен тауардың барлық қалаларда дұрыс сатылымға қойылғанына көз жеткізіңіз:
* [**Kaspi**](https://kaspi.kz/shop) дүкенінің сайтын ашып, өз тауарыңызды табыңыз және қалаларды ауыстырып көріңіз.
* әр қалада тауар «**сегодня**» жеткізу (ал «**межгород**» ЕМЕС) түрінде көрсетілуі керек.

2. Егер «**межгород**» деп тұрса → тауар тек бір қоймадан сатылымға қойылған деген сөз. Бұл жағдайда:
* Kaspi кабинетінде тауарды сатылымнан алыңыз;
* барлық қоймалар үшін баға мен қалдықтарды көрсетіп, қайтадан сатылымға қойыңыз;
* содан кейін біздің сервис арқылы тауарларды "**Обновить**" батырмасымен синхрондау;
* браузер бетін жаңарту (↻ / F5).
