Kaspi лимиті деген не, лимитке тірелсем не істеу керек?
Лимит дегеніміз не
- kaspi жаңа шектеу енгізді — бір сатушы кабинеті үшін 30 минутта ең көбі 250 операция.
- операцияларға мыналар жатады: бағаларды және қалдықтарды өзгерту, тауарды сатылымнан алу/қайта қою, предзаказ күндерін баптау және т.б.
- лимит қолмен жасалған өзгерістерге де, автоматтандырылған сервистер арқылы жасалған әрекеттерге де қолданылады.
Неліктен бұл маңызды
- бәсекелестік жоғары болған жағдайда лимит тез бітеді.
- лимитке жеткенде кейбір тауарлар уақытында өңделмей қалады.
- біздің сервис командаларды уақытында жібереді, бірақ Kaspi лимит біткенше оларды уақытша блоктайды.
Демпинг стратегияңызды қайта қарап шығыңыз:
- лимитті тым көп жұмсайтын тауарларда демпингті өшіріңіз.
- бағасын үнемі және жүйесіз төмендететін бәсекелестер бар позицияларда минималды бағаны көтеріңіз.
- осылайша жүктемені азайтып, маңызды тауарлар бойынша бағаның уақтылы жаңаруын қамтамасыз етесіз.
- бұл шектеулер барлық сатушыларға қатысты, қай сервисті қолданатынына қарамастан.
- біздің сервис бұрынғыдай жылдам жұмыс істейді, бірақ енді сұраныстарды өңдеу жылдамдығы Kaspi лимиттеріне байланысты.
Жаңартылған кезі: 28/10/2025
Рақмет!